Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстандағы екі бөлек жарылыс салдарынан бес бейбіт тұрғын қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 03 сәуір. Жұма күні Ауғанстанда жол бойындағы екі бөлек мина жарылысынан бес бейбіт адам қаза тауып, тағы жетеуі жараланды, деп хабарлайды Синьхуа жаңалықтар агенттігі.

Бес бейбіт тұрғын олардың көлігі жол бойындағы минаға соғылғаннан кейін бірден қаза тапты. Бұл Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд провинциясы үкіметінің өкілі Омар Звак бұқаралық ақпарат құралдарына мәлімдеді.

Герат провинциясы үкіметінің баспасөз хатшысы Джайлани Фархадтың хабарлауынша, 2 сәуірде таңғы сағат 8 шамасында жол жиегіндегі минаға соғылған көлік жарылысы салдарынан жеті азамат түрлі дене жарақаттарын алған.

Әзірге екі жарылыс үшін бірде-бір ұйым немесе жеке тұлға жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *