НҰР-СҰЛТАН, 05 сәуір. Хабаровск қаласының барлық мектептерінде дүйсенбі, 5 сәуір күні оқу орындарында жарылғыш құрылғылардың болуы мүмкін екендігі туралы анонимді хабарламаларға байланысты бірінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды, деп хабарлады қала әкімшілігі. Жаңалық жарияланған кезде эвакуацияланған оқушылар мен мұғалімдердің нақты саны белгісіз болды, деп хабарлайды Deutsche Welle.
Полиция мен арнайы қызметтер 70 білім ордасының барлығын тексеріп жатыр. Мектеп оқушыларының бір жартысы үйлеріне жіберілді, кейбіреулері тексерудің аяқталуын күтуде, деді қалалық білім бөлімінің бастығы Алексей Соболев.
Бұл Қиыр Шығыстағы ондаған білім беру мекемелерін «миналаудың» бірінші жағдайы емес. 8 ақпан күні осындай оқиғалар Красноярск қаласындағы барлық мектептерде және Красноярск өлкесінің екі қаласында, Сахалин аймағындағы 149 мектепте, Амур облысы мен Приморский өлкесіндегі бірқатар білім беру мекемелерінде сабақтарды тоқтатуға әкелді.