НҰР-СҰЛТАН, 05 сәуір. Жыл басынан бері еліміздің бірқатар өңірінде 8 есірткі зертханасы жойылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Берікхан Нұрғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар қалаларында, Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында 8 есірткі зертханасы анықталып, жойылды. Мәселен, Петропавлда ерлі-зайыптылар синтетикалық есірткі әзірлеумен айналысқан. Олар Жамбыл ауданына қарасты Миролюбовоауылында жасырын зертхана ұйымдастырған. Үй сатып алған. Өндіріске қажетті прескурсорлар мен химиялық саттарды ТМД елдерінен сатып алып отырған. Қаптамалар, шприцтер, дәріхана таразысы, өндіріс процесі сипатталған жазба және 1 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді», — деді ол ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.
Оның атап өтуінше, Алматы қаласында ірі есірткі зертханасы жойылды. Қаланың Медеу ауданындағы саяжай аумақтарының біріндегі жеке үйде 2 адам синтетикалық есірткі әзірлеген. Тінту жүргзу барысында 12 келіден астам дайын есірткі және мефедрон әзірлеуге қажетті құрал-жабдықтар мен прекурсорлар тәрткіленді.
«Күні кеше ғана Ақмола облысына қарасты Аршалы ауылында есірткі өндірісінің жолы кесілді. Бұл ауқымды арнаулы опеарциясының қорытындысы саналады. Нәтижесінде еліміздің бірнеше өңірінде 4 зертхана жойылды. Осы операция барысында 20 келінден астам пировалерон, есірткі жасауға қажетті 2 400 литр химикат алынды. Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Аса ірі көлемде есірткі жайындау және сату, қылыстық топ ұйымдастыру фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деді басқарма бастығы.