НҰР-СҰЛТАН, 06 сәуір.Наурыз айында ел көлеміндегі операцияларда 86 террорист залалсыздандырылған, деп Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап TRT жазады.
Ішкі істер министрінің орынбасары және министрлік мәлімдемешісі Исмаил Чатаклы министрліктің конференция залында «Ай сайынғы баспасөз жиналысында» наурыз айында ұйымдастырылған ішкі қауіпсіздік операцияларында 86 террористің залалсыздандырылғанын мәлімдеді.
Чатаклы есірткімен күрес аясында 29 наурыз — 5 сәуір күндері арасында 5 мың 224 адамның тергеуге алынғанын атап көрсетті.
Чатаклы наурыз айында біреуі бомбалы дронмен, барлығы 16 террор шабуылының да алды алынғанын білдірді.