Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Террорлық ұйым мүшелерінің Түркиядағы активтері кепілдікке алынды

НҰР-СҰЛТАН, 08 сәуір.Фетуллахшы террор ұйымы (FETÖ), ДАИШ, PKK/KCK және DHKP/C террор ұйымдарына мүшесі 377 адамның Түркиядағы активтері кепілдікке алынды, деп TRT жазады. 

Қазына және қаржы министрлігі тақырыппен байланысты шешімі «Ресми Газетте» жарияланды.

Активтері кепілдікке алынған 205 ФЕТӨ мүшесі арасында ұйым басшысы Фетуллах Гүленнің аты бірінші орында. Тізімде аталмыш ұйымға мүше Хамди Акын Ипек, Экрем Думанлы, Хидайет Караджа, Абдуллах Аймаз, Ахмет Куруджан, Джемал Ушак, Джевдет Түрікйолу, Мұстафа Өзджан, Мұстафа Йешил, Өндер Айтач және Шериф Али Текалан сияқты тұлғалар да бар.

PKK/KCK террор ұйымының активтері кепілдікке алынған 77 адам арасында ұйым басшылары Мұрат Карайылан, Али Хайдар Кайтан, Джемил Байык, Дуран Калкан, Хулья Оран, Фехман Хүсейин және Ферхад Абди Шахиннің аттары тізімде орын алады.

Активтері кепілдікке алынған DHKP/C террор ұйымының 9 мүшесі арасында болса ұйымның басшылық кадрларынан Муса Ашоғлу мен Хүсейин Февзи Текиннің аттары  бар.

Сондай-ақ ДАИШ террор ұйымы мүшесі 86 адамның да Түркиядағы мүліктері кепілдікке алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *