НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір. Сенбі күні таңертең Сомалінің оңтүстік-батысындағы Байдоа қаласында жанкешті ұйымдастырған жарылыстан кем дегенде төрт адам қаза тауып, алтауы жараланды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
Федералды үкіметтің баспасөз-хатшысы Мохамед Ибрахим Моалиму қысқаша мәлімдемесінде оқиға Сомалінің оңтүстік-батысындағы Байдоа қаласындағы мейрамханада ер адамның өзін-өзі жарып жіберген кезде болғанын айтты.