НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір.Сомалиде ұйымдастырылған бомбалы шабуылда 5 әскер қаза тапты, деп TRT хабарлайды.
Джуба аймағы полициясы Абдрахим Адан азанда болған шабуылдың оңтүстіктегі Ахмадов әуежайында міндет атқарған қауіпсіздік күштері нысанаға алынғанын хабарлады.
Бомбалы шабуылда 5 әскер қаза тапты.
Шабуылды Аш-Шабаб ұйымы мойнына алды.
Аш-Шабаб Сомалиде қауіпсіздік күштері, БҰҰ және Африка Одағы ғимараттарын нысанаға алған шабуылдар ұйымдастырып келеді.