НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір.Елден шетелдік күштер кетпейінше Талибан ешбір Ауғанстан конференциясына қатыспайтынын білдірді, деп TRT жазады.
Талибанның Катардағы саяси кеңсесінің баспасөз хатшысы Мұхаммед Наим Вардак әлеуметтік желіден хабарлама жариялады. Ол Талибанның барлық істерінің ақылдасу нәтижесінде қабылданғанына назар аударып, шетелдік күштер елден кетпейінше Ауғанстан тақырыбындағы ешбір конференцияға қатыспайтынын атап көрсетті.
Түркия Сыртқы істер министрлігінің хабарламасына қарағанда, Түркия, Катар және БҰҰ бірігіп ұйымдастыратын конференция болатын еді. Стамбулда Ауғанстан Республикасы мен Талибан өкілдері арасында жоғары деңгейде жоспарланған конференция 24 сәуірде басталатын еді.
Америка Құрама Штаттарынан жоғары деңгейдегі бір лауазым иесі журналистерге мәлімдеме жасап, «Тығыз тексеру процесінен кейін президент Байден Америка Құрама Штаттарының Ауғанстандағы әскерлерінің әкетілуіне және АҚШ-тың Ауғанстандағы соғысты бітіруіне шешім қабылдады. 1 мамырдан бұрын жүйелі түрде кету процесін бастаймыз және 11 қыркүйектің жылдығынан бұрын да Американың барлық әскерлерін әкетуді жоспарлап отырмыз» деген болатын.
Ресми көрсеткіштерге қарағанда, қазір Ауғанстанда 2500 АҚШ әскері бар.