НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір.Түркиядан Грекияға, Ираннан Түркияға заңсыз жолдармен өтуге тырысқан 23 адам ұсталды, деп Ұлттық Қорғаныс министрлігінің Twitter-дегі мәлімдемесіне сілтеме жасап TRT хабарлайды.
Министрліктің мәлімдемесінде «Шекарамыздан заңсыз жолдармен өткендерге қарсы күресіміз жалғасуда. Елімізден Грекияға және Ираннан мемлекетімізге заңсыз жолдармен өтуге тырысқан 23 адам ұсталды. Ұсталғандардың біреуінің ДАИШ, алтауының да FETÖ террор ұйымы мүшесі екені анықталды» деген сөздер қолданылды.