Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ДАИШ Ирактың солтүстігіндегі мұнай ұңғымасына шабуылдады

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір.Киркук полиция дирекциясы мәлімдемешісі Амир Нури ондаған мұнай ұңғымасы орналасқан қаланың солтүстік батысындағы Бай Хасан аймағында 105 нөмірлі ұңғыманың нысанаға алынғанын атап көрсетті, деп TRT хабарлайды. 

Нури оқиғадан кейін шыққан өрттің сөндірілгенін мәлімдеді.

Шабуылдың ДАИШ террор ұйымы мүшелері тарапынан жасалғанын жеткізген Нури шыққан өрт қысқа уақытта сөндірілгені себепті мұнай ұңғымаларына зиян келмегенін айтты.

ДАИШ террор ұйымы 2014 жылдың маусым айында Ирактың Мосул, Салахаддин және Анбар провинцияларының толығымен Дияла мен Киркук қалаларының кейбір жерлерін басып алған, аталмыш аймақтар бірнеше жыл ішінде ұйымнан қайтарылған болатын.

Бұрынғы Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Ибади 2017 жылы 9 желтоқсан күні ДАИШ-ке қарсы жеңіске жеткендерін мәлімдеген болатын.

Ирактың ДАИШ-тен тазартылғанына шамамен төрт жылдай уақыт өткеніне қарамастан, ұйым осы провинциялардың ауылдық жерлерінде шабуылдарын жалғастыруда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *