Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ақтау полицейлерімен 2300-ге жуық бір реттік дозалы синтетикалық есірткі заттары тәркіленді

АҚТАУ, 20 сәуір. Ақтау полицейлерімен 12 миллионды құрайтын есірткі заттары тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2300-ге жуық бір реттік дозалы есірткі заттары әлеуетті тұтынушыларына жеткен жоқ.

2021 жылғы 10 сәуірде Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен Ақтау қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтау қаласындағы пәтерлердің бірінде бірге тұратын 1997 жылғы екі жас азаматты ұсталды.

Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде ұсталғандардан өзімен бірге және тұрғылықты жері бойынша жалпы салмағы 460 грамм синтетикалық “мефедрон” есірткі заты, электрондық таразы, 30 дана пластикалық ыдыс бетбелгілері (закладки), екі рулон лейкопластырь және бетбелгілерді(закладки) дәнекерлеуге арналған құрал табылып, алынды.

Қолда бар жедел ақпарат бойынша “мефедрон” синтетикалық есірткісінің ірі партиясы “Telegram” әлеуметтік желісіндегі интернет-дүкен арқылы әлеуетті тұтынушыларға одан әрі байланыссыз өткізу мақсатында Ақтау қаласының аумағында бетбелгілер(закладки) салуға арналған болатын.

Ұсталған екі адамға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, яғни адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сатып алу және сақтау.

Қылмыстық іс бойынша екі айыпталушы ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы тәртібінде ұсталып, Ақтау қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қажетті жедел-тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *