Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір.Бағдад халықаралық әуежайы орналасқан ауданға үш «Катюша» зымыраны атылды, зардап шеккендер туралы хабарланбайды. Бұл туралы Ирактың біріккен жедел қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі  хабарлайды.

Шабуыл түн ортасында болды, үш зымыран әуежайдың шетіне құлады, делінген хабарламада.

Олардың бірі Абу-Грейб түрмесінің жанында, екіншісі – Терроризмге қарсы академияның жанындағы далаң жерге, үшіншісі — Ирактың әскери базасынан алыс емес жерге құлады.

Қауіпсіздік күштері әуежай маңындағы Аль-Джихад аймағында қараусыз қалған үйдің шатырында ракеталық зымыранды тапты, оқ атылмаған бес зымыранды залалсыздандырды деп хабарланады.

Әзірге шабуыл үшін жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ. АҚШ әскери күштері орналасқан Ирактың әскери базалары мен АҚШ-тың «жасыл аймақтағы» елшілігі көбінесе миномет пен ракеталық шабуылдардың нысаны болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *