Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғаныстанның солтүстік-батысында полиция басшысының көлігіне шабуыл жасалды 

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір. Ауғанстанның Герат уәлаятында Гулран полиция басшысының көлігіне бомбалы лаңкестік жасалды. Лаңкестікте полиция басшысы мен екі кісі қаза тапты, деп TRT хабарлайды. 

Герат әкімі Сайед Вахид Катали ауданда полиция лауазым иелерінің көлігіне бомбалы лаңкестік жасалғанын білдірді. Ол Гулран аудандық полиция басшысының, ауданның бұрынғы әкімі мен бір кісінің қаза тапқанын хабарлады.

Лаңкестіктің жауапкершілігін әлі ешкім өз мойнына алмады.

Ел көлемінде соңғы кезде арта бастаған қастандықтардың нысанасында журналистер, белсенділер, дін ғұламалары, мемлекет қызметкерлері мен полиция қызметкерлері бар.

Ауғанстан үкіметі осы лаңкестікке Талибан жауапты деп есептейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *