Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Арнайы операция аясында жалпы құны 200 млн теңге болатын синтетикалық есірткі тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір. Еліміздің екі өңірінде ұйымдасқан қылмыстық топ әшкере болды, деп хабарлайды 24.kz. 

Олар есірткі сатумен айналысқан. Арнайы операция жүргізген полиция Шығыс Қазақстанда 7 адамнан тұратын топты анықтаған. Оның үшеуі Алматы облысында жұмыс істеген. Басшылары да сол жерде екен. Бас-аяғы бір айда барлық күдікті ұсталды. Барынша қырағы болған күдіктілер өздері тұрақтаған қалаларда пәтерлерін ұдайы ауыстырып отырған. Арнайы операция аясында 10 келі, яғни 100 мың доза сатуға әзірленген синтетикалық есірткі тәркіленді. Жалпы құны 200 млн теңге. Олар өнімдерін әлеуметтік желі арқылы сатқан. Қылмыскерлерді іздеу шараларына қызметтік иттер пайдаланылды. Қазір қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша іс қозғалды. Күдіктілер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *