Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АҚШ пен НАТО әскерлерін Ауғанстаннан шығара бастады

НҰР-СҰЛТАН, 01 мамыр.Америка Құрама Штаттары мен НАТО 1 мамыр сенбі  күні  Ауғанстаннан әскери контингенттерді кезең-кезеңімен шығаруды бастады, деп Анадолу агенттігі хабарлайды.

Ауғанстандағы американдық әскери контингенттің саны 2500-3000 адамды құрады.

Ауғанстандағы НАТО контингенті шамамен 7000 адамды құрайды.

АҚШ президенті Джо Байден 15 сәуірде америкалық әскерлерді Ауғанстаннан шығару процесі 11 қыркүйекке дейін аяқталады деп мәлімдеген.

Пентагон әскерлерді шығарумен қатар АҚШ-тың Ауғанстан территориясындағы базалары біртіндеп жойылатынын хабарлады.

Ресми деректерге сүйенсек, осы уақытқа дейін Ауғанстаннан тек 60 американдық әскери кеткен.

Америка Құрама Штаттары мен оның НАТО-дағы одақтастары Ауғанстанға 11 қыркүйек шабуылын ұйымдастырған «Әл-Каида» лаңкестерімен күресу сылтауымен 2001 жылғы 7 қазанда басып кірді.

Браун американдық университетінің қызметкерлері бұған дейін АҚШ соңғы 20 жыл ішінде Ауғанстандағы соғысқа 2 триллион доллар жұмсағанын есептерінде хабарлаған болатын.

Ауғанстанда 2 442 АҚШ әскері қаза тауып, 20 666 адам жарақат алды.

НАТО қызметкерлері арасындағы шығын саны 1144 адамды құрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *