Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ингушетияда қару-жарақ жасырылған қойма табылған

НҰР-СҰЛТАН, 01 мамыр. Ингушетияның  тәртіп сақшылары граната атқыштан, снарядтардан, гранаталар мен атыс қаруынан тұратын оқ-дәрі қоймасын тапты, деп аймақтағы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

«Ресей Ішкі істер министрлігінің «Сунженский» Муниципалды аралық бөлімшесінің офицерлері Нестеровское ауылдық елді мекенінің жанындағы орманда РПГ-18 граната атқыш, екі Ф-1 гранатасы (сақтандырғышсыз), ВОГ-25 снаряды, 5,45 мм калибрлі АК-74-ке арналған оқталған оқжатары және 5,45 мм калибрлі 179 патроннан тұратын қойманы тапты», — делінген хабарламада.

Қауіпсіздік мақсатында РПГ-18 гранатаатқышы мен ВОГ-25 снарядын сол жерде Ингушетия бойынша Росгвардия басқармасының ОМОН инженерлік-техникалық тобының қызметкерлері үстеме зарядпен жойды. Бұл факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *