Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нұр-Сұлтанда героин сатқан әйелден 100-ге жуық біржолғы дозасы алынды

НҰР-СҰЛТАН, 01 мамыр. Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері есірткі дилерін ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«27-29 сәуір күндері елорда аумағында «Құқықтық тәртіп» алдын алу шарасы өткізілді. Оның мақсаты – қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау, көшелер мен басқа қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу және оған жол бермеу. Осылайша, жедел іс-шараларды өткізу кезінде полицейлер елорда аумағында есірткі жеткізу және сату арнасын жойды. Күндіз дәмхананың жанынан есірткі дилері – 53 жастағы әйел ұсталды. Тексеру кезінде одан сату үшін дайындап қойған героин салынған 7 полиэтилен түйіншек анықталды. Ол есірткіні іш киіміне жасырып қойған. Сондай-ақ әйелдің тұрғылықты жерін тексеру кезінде онда салмағы 2,71 грамм героин анықталған. Алынған есірткінің жалпы салмағы 20,01 грамды құрады. Жалпы алғанда, тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан героиннің 100-ге жуық біржолғы дозасын шығарды», — деп баяндады полицияда.

Күдікке ілінген әйел уақытша оқшаулау абақтысына қамалды, ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлімі (Аса ірі көлемдегі есірткілік заттарды заңсыз сақтау) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *