НҰР-СҰЛТАН, 02 мамыр. Өзбекстан Сириядан 93 әйел мен баланы еліне қайтарды, деп 24.kz хабарлайды.
Бұл көршілеріміздің «Мехр-5» атты операциясы аясында жүзеге асқан.
Отанына қайтарылған әйелдер кезінде террористік ұйымдарды қолдаған күйеулерінің соңынан Сирияға кеткен еді. Қарулы қақтығыстар кезінде жолдастары қаза тапқан. Өзбекстанға арнайы бортпен қайтарылған 69 баланың жетеуі – тұл жетім. Жат ағымның жетегінде кеткендер 3 жыл бойы «Аль-Холь» лагерінде болған. Жалпы өзбектер бұған дейін «Мехр» операциясының 4 кезеңін сәтті өткізген. Нәтижесінде Сирия, Ирак, Ауғанстан елдерінен 438 әйел мен бала отанына қайтарылды.