Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанда содырлардың шабуылынан бес полицей қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 06 мамыр. Ауғанстанның шығысындағы Логар провинциясындағы бақылау-өткізу пунктіне жасалған шабуылдан кем дегенде бес полиция қызметкері қаза тапты, деп жергілікті Tolo News телеарнасына сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.

Телеарнаның хабарлауынша, шабуылды «Талибан» радикалды қозғалысының содырлары жасаған. Шабуыл Пули Алам провинциясының орталығына жақын жерде болды.

«Талибан» бұл оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Ауғанстанда үкіметтік күштер мен ауылдық жерлерде маңызды аумақтарды басып алып, ірі қалаларға шабуыл жасаған тәлібтер арасында қарама-қайшылық бар. 2020 жылдын 12 қыркүйегінде Катар астанасында Ауғанстан үкіметі мен «Талибан» арасында бейбітшілік келіссөздер басталды.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *