НҰР-СҰЛТАН, 07 мамыр.Америка Құрама Штаттары Бас штаб төрағасы генерал Марк Миллей мемлекетінің болашақта Ауғанстан Қарулы Күштерін басқа бір елде жаттықтыруы мүмкіндігін айтты, деп TRT жазады.
Миллей АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остинмен бірге ортақ баспасөз жиналыс өткізді.
Әкімшіліктің 100 күндік қорғаныс жұмыстарын қолға алған екі министр АҚШ-тың Ауғанстаннан әскерлерді шегеру процесіне байласты мағлұматтарды да бөлісті.
Миллей Ауғанстаннан Америка әскерлерінің шегеруіне байланысты «Басты мақсатымыз Ауғанстандағы АҚШ әскерлерінің жоспарлы, қауіпсіз және жүйелі түрде шегеруін жүзеге асыру» деді.
АҚШ Президенті Джо Байденнің шегеру үшін қыркүйек айына дейін мерзім бергенін еске салған Миллей осы мерзімде шегеруді тамамдайтындарын атап өтті.