НҰР-СҰЛТАН, 07 мамыр. Түркияның қауіпсіздік күштері «Ислам мемлекеті» * террористік тобына қатысы бар деген күдікпен кем дегенде сегіз адамды ұстады, деп хабарлайды Anadolu агенттігі .
Агенттіктің ақпараты бойынша, терроризмге қарсы операция Стамбулдың 10 ауданындағы 15 мекен-жайда бір уақытта жүргізілген. Күдіктілердің ұлты көрсетілмеген.
Ұсталғандардың содырларға қатысы туралы іс бойынша тергеу жалғасуда.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым