НҰР-СҰЛТАН, 08 мамыр.Рио-де-Жанейро полицейлерінің есірткіге қарсы рейд атыспен аяқталды. Оқиға кезінде кем дегенде 25 адам оққа ұшқан. Олардың араында полицейлер де бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ке сілтеме жасап.
Атыс қаладағы «лашық» аудандардың бірінде болған. Полицейлер есірткі сатушы бандалар қатарларына балаларды тартып жатыр деген хабарлама негізінде операция бастаған.
Рио-де-Жанейро – Бразилияның қылмыс көрсеткіші жоғары, есірткі бандалары дәурен құрған қалаларының бірі.