Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түрік Қарулы Күштері: Жыл басынан бері 988 террорист залалсыздандырылды

НҰР-СҰЛТАН, 09 мамыр.Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар 1 қаңтардан бастап, 988 террористтің залалсыздандырылғанын білдірді, деп TRT  хабарлайды. 

Акар Бас штаб төрағасы генерал Яшар Гүлер және Бас штаб екінші төрағасы генерал-полковник Селчук Байрактароғлумен бірге Арнайы жасақтар қолбасшылығына барып, тексеру жүргізді.

Хулуси Акар бұл жерде жасаған мәлімдемесінде Түрік Қарулы Күштерінің маңызды бір кезеңнен өткенін білдіріп, 2015 жылы 24 шілдеде Икияка тауларында басталған және табысты түрде жүзеге асырылған операциялардың 6 жылдан бері табанды түрде жалғасқанын айтты.

Бөлшектеуші террор ұйымы шоғырланған Авашин-Басиян және Метинада 23 сәуірден бастап «Пенче-Йылдырым» және «Пенче-Шимшек» операцияларының жүргізілгенін еске салған Акар «Ирактың және Сирияның солтүстігінде 2021 жылы 1 қаңтардан бастап, 988 террорист залалсыздандырылды» деді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *