Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Халилзад: Егер «Талибан» бітімге келмейтін болса, АҚШ Кабулды қолдауды жалғастырады

НҰР-СҰЛТАН, 09 мамыр. Егер «Талибан»* қозғалысы  бітімге келмейтін болса, АҚШ Ауғанстан үкіметіне қолдау көрсетуді жалғастырады және қазіргі билікті сақтауға баса назар аударады, АҚШ-тың Ауғанстандағы жанжалды шешу жөніндегі арнайы өкілі Залмай Халилзадтың әлеуметтік желілерде жарияланған мәлімдемесіне сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, Ауғанстанда бейбітшілік орнату туралы белгілі бір халықаралық бәтуаластық бар.

«Ауғанстанның саяси көшбасшылары осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, 40 жылдық соғысты тоқтатуы керек», — деді Халилзад.

Сонымен бірге АҚШ-тың арнайы өкілі Ауғанстанның саяси бірлігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Бұған дейін Халилзад бейбітшілік туры аясында Германия, Катар, Өзбекстан, Тәжікстан және Ауғанстанда болған.

 

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *