Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазан мектебінде атыс жасаған террорист қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр.  Татарстан президенті Рустам Минниханов Қазан қаласындағы мектепте болған төтенше жағдайға қытысты мәлімдеме жасады, деп Тengrinews.kz-ке сілтеме жасап ERNUR.KZ хабарлайды.

Ол жеті 8 сынып оқушысы отыс салдарынан қаза тапқанын және тағы 16 адам ауруханаға жатқызылғанын растады.

Кейін Татарстан басшысының баспасөз қызметі өкілдері жеті оқушыдан басқа бір мұғалім қайтыс болғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, 20 адам зардап шекені туралы мәлімет бар.

Миннихановтың айтуынша, Қазан мектебінде атыс шағарған адам 19 жаста. Оның жанындағы көмекшісі әлі анықталған жоқ, тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Террорист қамауға алынды. 19 жаста. Оған ресми түрде қару тіркелген», — деді Минниханов.

Республика басшысы мектепке, сондай-ақ қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетілетінін айтты.

Бейресми мәліметке сүйенсек, Төтенше жағдайлар қызметінің өкілі 11 адам қаза тапқанын айтқан. Қазіргі уақытта ақпарат толық расталмаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *