НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр.Ауғанстанда Ораза айтқа орай жарияланған атысты тоқтату мерзімі аяқталды, деп TRT хабарлайды.
Талибан өткен апта ел көлемінде үш күндік мерзіммен атысты тоқтатқандарын жариялаған еді.
Талибанның үш күндік атысты тоқтату үндеуіне орай Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Ашраф Ғани де қауіпсіздік күштеріне атысты тоқтату үндеуіне бойсұнуы туралы бұйрық берген еді.
Өкінішке орай астананың солтүстігіндегі бір мешітте жұма күнгі бомбалы шабуылда 12 адам қаза тапты,15 адам жарақат алды.