Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жыл басынан бері экстремизмді насихаттайтын  94 интернет-контент анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр. Биыл 4,5 мыңға жуық деструктивті интернет-контент анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Деструктивті интернет-контенттің балаларға ықпалын шектеуге бағытталған нақты жұмыс та жүргізіліп жатыр. Осы жылдың өзінде порнография тарататын, экстремизмді, есірткіні, зорлық-зомбылықты насихаттайтын, қару-жарақ сатуды көздейтін 4,5 мыңға жуық шетелдік заңға қайшы интернет ресурс анықталды», — деді комитет төрағасы Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Комитет басшысы ақталған ақпараттардың барлығы «Киберқадағалау» арнаулы ақпараттық жүйесіне енгізіліп, қазақстандық қолданушылар үшін бұғатталатындығын айтты.

«Аталған ресрустардың 1143-і бұғатталды. Олардың қатарында порнографиялық материлдар тарататын — 1 031, экстремизмді насихаттайтын — 94, есірткіні насихаттайтын 8 ресурс бар. Сонымен қатар 10 интернет казино қызметіне тосқауыл қойылды», — деді Мұрат Баймұқашев.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *