Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ресей мен Сербия терроризмге қарсы оқу-жаттығуларды өткізуде

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр.   Сербияда терроризмге қарсы ресей-серб тактикалық оқу-жаттығулары басталды, деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігі .

Сербия Республикасында ресей-серб бірлескен терроризмге қарсы тактикалық оқу-жаттығуы басталды.

2021 жылдың 25 мамырына дейін жалғасатын жаттығуға екі елдің арнайы күштерінің бөлімшелері қатысады.

Іс-шара барысында «Арбалет» парашют жүйелеріне десант түсіру, заңсыз қарулы құрылым объектісіне жылжу, оны оқшаулау және жою жұмыстарын пысықтау жоспарланған.

Бұдан басқа, атыс қаруынан ату бойынша көрсетілімдер мен сабақтар өткізу жоспарланған.

Жаттығуға Ресей тарапынан Батыс әскери округінің арнайы жасағынан 200-ге дейін әскери қызметші мен 11 бірлік техника жұмылдырылған.

Оқу-жаттығудың ашылу салтанатында тараптар Сербия мен Ресей қарулы күштерінің арнайы жасақтары арасындағы терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін бірлескен жауынгерлік дайындық шараларының маңыздылығын атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *