Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жамбыл облысында экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан азамат 3 жылға сотталды

ТАРАЗ, 22 мамыр. Жамбыл облысында экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан 33 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облысының полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында деструктивті діни ағымның жақтаушысын ұстады.

Жалпақтөбе ауылының 33 жастағы тұрғыны экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан.

Аталған дерекке қатысты іс материалдары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру» бойынша сотқа жолданды.

«Аталған істі сотта қарау барысында күдікті кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деп хабарлайды Жамбыл облысының полиция департаменті.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *