НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр.Марокко полициясы жұма күні елдің солтүстік-шығысындағы Саидия қаласының маңынан 4,3 тонна марихуана тәркіледі. Бұл туралы Корольдіктің Ұлттық қауіпсіздік бас басқармасына сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады .
Ведомствоның хабарлауынша, полиция Саидияның жағалаудағы аймағында есірткіге қарсы операция жүргізіп, 4,3 тонна марихуана тәркілеген.
Құқық қорғау органдары бұл істі тергеуді жалғастыруда.
Естеріңізге сала кетейік, Марокконың кейбір аудандарында каннабисті заңсыз өсіру қиын жағдайға душар болып отыр, Марокколық марихуананың көп бөлігі Еуропаға контрабандалық жолмен жеткізіледі. Соңғы онжылдықта Марокконың қауіпсіздік органдары құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру мен есірткі трафигіне қарсы күресті күшейтті. Тек 2020 жылдың өзінде 217 тоннаға жуық марихуана тәркіленді.