Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Павлодарда қала тұрғыны электроника дүкеніне бомба «қойды»

ПАВЛОДАР, Павлодардың 33 жастағы тұрғыны дүкенге жарылғыш зат қойылғаны жөнінде қоңырау шалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сағат 16.57-де Павлодар қаласының полициясына Жаяу Мұса, 2 мекенжайындағы «Сулпак» дүкенінің ғимаратына бомба қойылғаны жөнінде хабарлама түсті. Шақырту орнына дереу шұғыл-тергеу тобы, өрт сөндіру жасағы және жедел жәрдем жіберілді. Барлық келушілер мен техперсонал эвакуацияланды», — деп мәлім етті Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ғимаратты қарап шыққан саперлер қауіпті зат таппады.

«Өткізілген шұғыл-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті – 1987 жылы туған ер адам анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды», — деді Павлодар облысы Полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.

Күдіктіні бұл қылмысқа итермелеген мән-жайлар тергеу барысында анықталатын болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *