НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр. Ресейде NS-WP («Ақ қуат») халықаралық нео-нацистік тобына тыйым салынады, оның мүшелері бірқатар қатыгез кісі өлтірулер мен басқа да қылмыстар жасады. Ресей Федерациясының Жоғарғы Соты 21 мамыр, жұма күні Бас прокуратураның бұл топты террористік деп тану туралы өтінішін қанағаттандырды, деп жазады DW.
«Жоғарғы Сот Бас прокуратураның әкімшілік шағымын қанағаттандырды, «Ақ қуат» (NS / WP) ұлттық-социалистік қозғалысын халықаралық қозғалысын террористік ұйым деп таныды және оның Ресей Федерациясының аумағында әрекет етуіне тыйым салды», — соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ресейлік БАҚ хабарлайды.
Жауыздықпен кісі өлтіру
2014 жылы Ресейде «Ақ қуат» тобының тоғыз мүшесі бірқатар қылмыстары, соның ішінде лаңкестік әрекет үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. 2009 жылдан 2010 жылдар аралығында топ мүшелері Гвинея-Бисау азаматын өлтіріп, әрекеттерін видеоға түсіріп, кейін Интернетте жарияланған.
Сотталушылар сонымен бірге қараусыз қалған машинада ұйықтап жатқан екі қаңғыбас әйелді өртеп жіберді және бейәлеуметтік өмір салтын ұстанған бірнеше ер адамды өлтірді. Неонацистер қылмыс жасау үшін, әдетте, суық қару қолданған.Олар құрбандарына ондаған пышақ жарақатын тигізген.
Сондай-ақ, топ мүшелері ғибадатхананы, құрылыс кранын өртегені үшін, қолдан жасалған құрылғыны пайдаланып, қоғамдық көлік аялдамасын жарғаны үшін кінәлі деп танылды. Соңғы қылмыс лаңкестік әрекет ретінде сараланған.