НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр.Эквадор полициясы Ресей мен Бельгияға жіберілетін банандардың жүктерінен 805 кокаин брикетін тапты. Бұл туралы Ecuavisa телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
Тынық мұхит жағалауындағы елдің ең ірі қаласы — Гуаякиль әкімшілігіндегі дереккөздер есірткі осы мегаполистің портында табылғанын хабарлады.
Есірткінің салмағы нақтыланбаған, оның құны, құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, бірнеше миллион долларды құрайды, деп хабарлайды телеарна.