НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр. Елордалық мектептерге бомба қойылғаны туралы жалған хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін белгісіз адамдардың жарылғыш зат қойылғаны туралы білім беру мекемелерінің электронды пошталарына хат жолдағаны туралы полицияның “102” арнасына бірнеше шақыртулар келіп түскен.
Қазіргі кезде мектептердің аумағынан адамдарды көшіру аяқталды. Жарылғыш зат табылған жоқ. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жарылғыш зат қойылғаны туралы көрінеу жалған хабарлама үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Азаматтардан дүрбелең тудырмауды және мессенджерлерде жалған хабарламаны таратпауды сұраймыз.