Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ем-домға көңілі толмаған зейнеткер Тараз ауруханасын жарып жіберем деп қорқытты

ТАРАЗ, 24 мамыр. Тараздағы көпбейінді қалалық ауруханаға «бомба» қойылды деген хабарлама түсіп, пациенттерді қабылдау бірнеше сағатқа тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 102 номеріне облыстық орталықтың қалалық көпбейінді аурухана қызметкерінен қоңырау кеп түскен.

Қызметкер белгісіз әйелдің қоңырау шалып, телефон арқылы аурухананың бас дәрігерімен байланыстыруын талап еткенін айтқан.

Ал бас тартқан жағдайда «аурухананы бомбамен жарып жіберемін» деп қорқытқан.

Оқиға орнына полиция, төтенше жағдайлар департаменті және басқа да арнайы қызметтер қызметкерлері келіп жетті.

Олар аурухана аумағын қоршауға алып, қызметкерлер мен пациенттерді ғимараттан шығарды.

«Қызметтік иттер мен саперлердің қатысуымен оқиға орнын тексеру барысында аурухана ғимаратында қандай да бір күдікті заттар мен құрылғылар табылған жоқ. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп түсіндірді ведомствода.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қоңырау шалған абоненттік нөмірдің иесі анықталды. Ол Жамбыл облысы аудандарының бірінің 66 жастағы тұрғыны болып шықты. Ем алғанына көңілі толмаған пациент «бомбамен жарып жіберемін» деп наразылық көрсетпек болған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесінде жария етілмеуге тиіс.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *