ТАРАЗ, 24 мамыр. Героин есірткі затын сақтаған тараздық қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 18 мамырында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бұрын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 264-бабы (Есірткі құралдарын пайдалануға арналған притонды ұстау, ескі редакция) бойынша сотты болған Тараз қаласының 46 жастағы тұрғынына қатысты жедел ақпарат іске алынды.
Л. есімді ер адамды тұратын жері бойынша санкцияланған тінту барысында оның жатын бөлмесінен жалпы салмағы 210 гр 370 мгр “героин” есірткі заты табылып, тәркіленді.
– Ұсталған ер адам өз кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған қылмыс бойынша мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.