Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сахалинде облыстық наркодиспансерді «миналаған» адам ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр.   Құқық қорғау органдары Сахалин облыстық наркологиялық диспансеріне жарылғыш зат қойылды деп хабарлаған ер адамның жеке басын анықтады. Күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ресейдің ІІМ Сахалин облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.

«Бұл іске облыс орталығының 38 жастағы тұрғыны қатысты. Ер адам қолға түсті. РФ Қылмыстық кодексінің 207 бабының 2 бөлігінде  («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау»)» қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деді баспасөз қызметі. Баптың санкциясы ірі мөлшерде айыппұл түрінде немесе үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Сәрсенбі күні түстен кейін полицияға Оңтүстік-Сахалинскідегі облыстық наркодиспансерді «миналау» туралы жасырын  хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына барлық жедел қызметтер дереу жіберілді. Эвакуация жүргізіліп, аумақ қоршауға алынды. Үй-жайларды қарау кезінде күдікті заттар табылған жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *