НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр. Могадишодан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Сомалидің үкіметтік күштері жұма күні елдің оңтүстігінде «Аш-Шабаб» экстремистік тобының 15 содырын өлтіріп, тағы 20-сын жаралады. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады .
28 мамырда армия Орта Шабелле аймағындағы «Аш –Шабаб» базасына шабуыл жасады, деп үкіметтік күштердің қолбасшысы Одоваа Юсуф Раге Сомалилық әскери радиосына мәлімдеді, нәтижесінде 15 содыр өлтіріліп, 20 содыр жарақат алды. Әскерилер экстремистердің базасын жойып, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тәркіледі.
Сондай-ақ, жұма күні Сомалінің оңтүстік-батысындағы Байдоа қаласындағы базарда жарылыс болып, үш адам қаза тауып, тағы жетеуі жараланды деп хабарланды. Оқиға орнына қауіпсіздікті күшейту және оқиғаны тергеу үшін үкімет әскерилері келді. Әзірге жарылыс үшін жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ.
«Аль-Каидамен»* байланысы бар «Аш-Шабаб» тобы соңғы жылдары Сомали мен көршілес елдерде террористік шабуылдарды жиі жасайды.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым