НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр. Ауғанстанның батысындағы Герат уәлаятында ұйымдастырылған бомбалы шабуылда 6 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты, деп TRT хабарлайды.
Герат уәлаят әкімі Вахид Катали Гераттың Горян ауданына қарасты Гурак аймағында жол жағасына қойылған бомба темір жолдың қауіпсіздігін қамдайтын қызметкерлердің көлігі өткен кезде жарылғанын айтты.
Бомбалы шабуылды әлі ешкім мойнына алған жоқ.
Ауғанстан үкіметі мөлшермен бір айдан, шетелдік күштердің шегіне бастауынан бері елдегі оқиғалар артқанын білдірді.
Каписа уәлаятында Талибан ұйымдастырған әуе шабуылында 7 бейуаз азамат қаза тапқан болатын.
Каписа Полиция басшысы Талибан сарбаздары атқан зеңбірек оғының бір той жасалған мекенге құлағанын, 7 жай азаматтың қаза тапқанын, 4 кісінің жараланғанын айтқан.