Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Конго шығысында содырлардың шабуылынан 40-тан астам адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 01 маусым.   30 мамыр, жексенбі күні 40-тан астам адам «Демократиялық күштер альянсы» (ADF) тобы содырларының Конго Демократиялық Республикасының шығысындағы Итури провинциясында орналасқан екі ауылға жасалған түнгі шабуылдарының құрбаны болғаны белгілі болды, деп жергілікті билікке сілтеме жасап Синьхуа агенттігі жазады.

Шабуылдар Итури провинциясының әкімшілік орталығы Буниа қаласының оңтүстік-батысына қарай Чаби және Бога ауылдарында болды. Шабуыл болған жерден кем дегенде 45 адамның мәйіті табылды, деді провинция парламентінің мүшесі Уилсон Мугара.

Итуридегі Конго Демократиялық Республикасы армиясының өкілі Жюль Нгонго екі ауылға жасалған шабуылдарды растады, бірақ қаза тапқандардың нақты саны анықталуда екенің айтты.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, құрбан болғандардың денелерін іздеу жұмыстары жалғасуда,  құрбандар саны артуы ықтимал. Сонымен қатар, шабуылдаушылар үйлерді өртеп, бірнеше тұрғындарды ұрлап әкеткен.

Биылғы жылдың басынан бастап, ондаған жылдар бойы КДР- ның осы бөлігінде әрекет еткен Угандалық «Демократиялық күштер альянс» мүшелері Итури провинциясы мен көршілес Солтүстік Киву провинциясындағы Бениде шабуылдарын күшейтті.

30 сәуірде Конго Демократиялық Республикасының президенті Феликс Чисекеди жоғарыда аталған екі провинцияда қоршау жағдайын жариялады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *