Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Иркутск облысында жарылыс қаупіне байланысты 29 балабақшада эвакуация жүргізілді

НҰР-СҰЛТАН, 02 маусым.  Иркутск облысындағы Братск қаласындағы 29 балабақшаға  жарылыс қаупі туралы хабарлама келіп түсті, барлық балалар эвакуацияланды. Бұл туралы сәрсенбі күні қала әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.

«29 балабақша. Хабарлама [миналау туралы] келді. Төтенше жағдайлар министрлігі, қауіпсіздік күштері жұмыс жасауда. Барлық балалар жақын маңдағы мектептерге эвакуацияланды. Ешкім де зардап шеккен жоқ. Сонымен қатар, басқа балабақшаларға кіруге шектеулер қою туралы өкім шығарылды, сондай-ақ адамдардың сауықтыру лагерьлеріне баруына шектеу қойылды», — деді агенттік дереккөзі.

Балабақшаларға хаттар электронды пошта арқылы келіп түсті. Меңгерушілер оларды көріп оқыды.

Эвакуацияланған оқушылар тамақпен қамтамасыз етіледі. Білім беру мекемелерінің жұмысын жеңілдету үшін ата-аналардан мүмкіндігінше балаларын үйіне алып кетуін сұрайды. Қалған балабақшалар жұмысын жалғастыруда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *