НҰР-СҰЛТАН, 03 маусым. Сирияның Манбидж қаласында бейбіт азаматтарды «күштеп әскерге алуға» қарсы шыққан азаматтар шеру ұйымдастырды. Осы шеру барысында КЖП (террорлық ұйым YPG/PKK) азаматтарға оқ жаудырды. Екі күнде кемінде сегіз адам қаза тапты. 27 адам жарақат алды, деп TRT жазады.
Евфрат өзенінің батыс жағасындағы Манбидждің аудан орталығы мен төңірегіндегі халықтың шерулері террорлық ұйым күштеген «көшеге шығуға тыйымға» қарамастан артып отыр. Шерулерге кедергі болуға тырысқан террорлық ұйым халыққа оқ жаудырды. Шерушілер «күштеп әскерге алудың» тоқтатылуын және шерушілерге оқ атқан террористтердің жазаландырылуын талап етеді.
КЖП (Террорлық ұйым YPG/PKK) террористтері соңғы екі күнде шеруге қатысқан көптеген адамды да ұстап алды.