НҰР-СҰЛТАН, 04 маусым. АҚШ Әл-Каиданың Африканың солтүстік құрылымы басшысы Абу Убайда әл-Аннабидің басына бәйге тікті, деп TRT хабарлайды.
АҚШ әкімшілігі террор ұйымы Әл-Каиданың Африканың солтүстік құрылымы болған Мағриб Әл-Каидасы жетекшісі Абу Убайда әл-Аннаби туралы нақты ақпарат бөліскендерге 7 миллион доллар бәйге жариялады.
АҚШ Сыртқы істер министрлігі жасаған жазбаша мәлімдемеде «Әділет үшін сыйақы» бағдарламасы аясында Мағрибтегі Әл-Каида жетекшісі әл-Аннабидің басына бәйге тіккені хабарланды.
Бұған қарағанда АҚШ әкімшілігі әл-Аннабидің орны немесе оның куәлігін анықтауға көмектесетін ақпар үшін басына тігілген 7 миллион доллар төлейді.
Мәлімдемеде ұйымның бұрынғы басшысы Абдельмалек Дроукдал 2020 жылы маусым айында өлтірілген соң ұйымның басшысы болып әл-Аннаби тағайындалғаны атап көрсетілді.