НҰР-СҰЛТАН, 07 маусым. Жексенбі күні Ауғанстанның шығысындағы Пактиа провинциясының орталығы Гардез қаласының шетінде жол бойындағы мина жарылып, төрт бейбіт тұрғын қаза тапты. Бұл туралы провинцияның губернаторы Мұхаммед Халим Федайға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.
Ол жарылыс жексенбі күні күндіз Гардез қаласының маңындағы Ибрагим Хил ауылында болды, деп хабарлады.Төрт бейбіт тұрғын, оның ішінде екі әйел, бір бала және көлік жүргізушісі қаза тапты.
Зардап шеккендердің барлығы бір отбасының мүшелері болған. Олардың көлігі содырлар орнатқан минаға жарылған.
Шенеунік кінәлілерді жауапқа тарту үшін бар күш салынып жатқанын айтты.