Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Дәрмек» операциясы: Есірткінің заңсыз айналымына қатысты 77 қылмыс анықталды 

НҰР-СҰЛТАН, 07 маусым. «Дәрмек» операциясы барысында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 77 қылмыс анықталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресми өкілдің айтуынша, «Дәрмек» арнайы ауқымды операциясы барысында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 77 қылмыс анықталды. Оның ішінде 38-сі өткізу фактісі болса, аса ірі мөлшерде есірткіні сақтау бойынша 15 факті тіркелді, 3 контрабандалық әрекет әшкереленді.

«Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының полицейлері облыс орталығының тұрғынын ұстап, үйіне тінту жүргізген кезде 10 келіге жуық гашиш тауып алды. Барлық анықталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды», — деді Нұрділдә Ораз апталық брифинг барысында.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *