НҰР-СҰЛТАН, 07 маусым. Калуга қаласының тұрғыны террористік және экстремистік қызметке шақырды деген күдікпен ұсталды. Mkkaluga.ru сайты бұл туралы Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің Калуга облысы бойынша тергеу басқармасына сілтеме жасап mkkaluga.ru сайты хабарлайды .
Калуга тұрғынына қарсы терроризм мен экстремистік қызметке жария түрде шақыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды (Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 205.2-бабы 2-бөлігі және 280-бабы 2-бөлігі).
Тергеу мәліметтері бойынша, ер адам әлеуметтік желідегі танымал қауымдастыққа, тергеушілер экстремистік деп санаған үндеу жариялаған. Бұл заңсыз іс-әрекетке жария түрде шақырған үндеуді қамтитын мәтін болатын.
Нәтижесінде Калуга тұрғыны 48 сағатқа қамауға алынды. Тінту жұмыстары жүргізілді, оның компьютері мен телефондары тәркіленді, сараптамалар тағайындалды.