Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

“Қарасора-2021”: Қызылорда облысында  7 есірткі қылмысы ашылды

ҚЫЗЫЛОРДА, 07 маусым. Қызылордалық полицейлер сегіз күнде жеті есірткі қылмысын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-профилактикалық іс-шараның негізгі мақсаты – есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы фактілерін анықтау, Қызылорда облысының аумағынан жабайы сораны заңсыз жеткізу арналарын жабу.

Іс-шараның сегіз күнінде облыс аумағында полицейлер жеті есірткі егу қылмысын ашты. Заңсыз айналымнан үш келіге жуық есірткі заты тәркіленді.

Мәселен, полицейлер жеке үйлерінің ауласында құрамында есiрткi заттар бар өсімдіктерін өсірген алты облыс орталығының тұрғындарын әшкерледі. Айғақ заттар тәркіленді.

Барлық деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 300-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. “Қарасора-2021” жедел іс-шарасы 30 қазанға дейін жалғасады.
/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *