Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нұр-Сұлтанда синтетикалық есірткінің 90 бір реттік дозасы бар апалы-сіңлілері ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 08 маусым. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында елорда аумағында құпия орынға синтетикалық есірткі қалдырып кетумен айналысатын қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Абылай хан даңғылы бойында 38 және 40 жастағы апалы-сіңлілер ұсталды. Әйелдерді жеке тінту барысында салмағы шамамен 5 грамм болатын «скорость» синтетикалық есірткі заты табылды. Ақмола облысынан келген апалы-сіңлілердің Кравцов көшесі бойында жалға алған пәтерін тінту барысында таразы және құпия орынға қалдырып кетуге дайын 15 орама және 90-нан астам дозаға жеткілікті синтетикалық есірткі тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осы ретте қалалық полиция департаменті есірткі заттарын заңсыз сақтау және таратқаны үшін жауапкершілік бар екендігін ескертеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *