НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым. АҚШ-тың Техас штатындағы бір әскери базаға қарулы шабуыл жасалды, деп TRT-ге сілтеме жасап ТҚК РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Қашқан екі шабуылдаушыны ұстау бойынша жұмыстар жалғасуда.
Сан-Антонио-Лаклэнд әскери базасына жасалған шабуылда ешкімнің қаза таппағаны және жаралы болмағаны білдірілді. Оқиғаға байланысты тергеу басталды.
АҚШ Қорғаныс министрлігінің ең үлкен базасы — Лаклэндте қызмет атқарған подполковник Брайн С.Ловлесс базаның кіреберісінде куәліктері белгісіз екі адамның оқ атқанын және қашып кеткен шабуылдаушыларды ұстау үшін ашылған тергеудің жалғасқанын мәлімдеді.
Аталмыш оқиғаға байланысты кіріске жабылған әскери аймақтың қысқа уақыт өткен соң қайтадан ашылғаны атап көрсетілді.