НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым.Полицияның хабарлауынша, жұма күні түн ортасында Кабул провинциясының Пагман ауданында белгісіз қарулы адамдардың шабуылынан кем дегенде бес адам қаза тапты, деп хабарлайды TOLO.news .
Кабул полициясы өз мәлімдемесінде бір отбасының бес мүшесін үйлену тойынан қайтып келе жатқан кезде содырлар ұрлап әкетіп, кейін өлтіргені хабарланған.
Полиция шабуылға тәлібтерді айыптады.
«Талибан»* бұл шабуылға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.
Аты-жөнін атамаған Пагмандағы қауіпсіздік қызметінің офицері шабуылда қаза тапқандардың арасында моджахедтердің бұрынғы командирі Гази Оряхилдің де болғанын айтты. Дереккөздің хабарлауынша, шабуыл нәтижесінде қаза тапқандар да командирдің туыстары болған.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым